МТРА жаңалықтары

Петропавлда тауарға толы қойма өртке оранды

Бір қауіптісі, тілсіз жау орын алған жерге бірнеше үй жақын орналасқан екен. Абырой болғанда, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен одан келген шығын анықталуда. Бейресми деректер бойынша, қойма облыс орталығындағы кәсіпкерлердің біріне тиесілі.

Болатжан Асқарбеков – Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Бізге күндізгі сағат 13:25-те Минск көшесі, 27 мекен жайында орналасқан бірнеше қойма өртке оранды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына 4-ші өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жіберілді. Тағы 2 учаскіге қосымша күш келді.

Айгерим Ержанова