МТРА жаңалықтары

Облыстың бас өрт сөндірушісі құрметті еңбек демалысына шықты

Ол өмірінің 20 жылын аса ауыр да жауапты қызметке арнады. Білікті маман еңбек жолын 1995 жылы аталмыш мекемеде өрт сөндіру бөлімінің инспекторы мамандығынан бастаған. Кадрлық бөлімнің басшысы, кейін аталған қызмет бастығының орынбасары болып еңбек еткен. Бүгін мерейтой иесін зейнетке шығарып салу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко, әріптестері және жақындары қатысты. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде Серік Ғайсинді аймақ басшысының атынан құттықтап, ұзақ жылдар атқарған жемісті жұмысы үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Серік Дюсенбеков – СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары:

– Мен Серік Ғалымбекұлының басшылығымен жұмыс істеген уақытта кіші сержанттан подполковник шеніне дейін көтерілдім. Осындай кісімен ұзақ жылдар қызмет атқарғаныма қуаныштымын. Басшымыз жұмысқа өте жауапкершілікпен қарайды. Облыс аумағында төтенше жағдайды болдырмас үшін аянбай тер төкті.

 

Култанов Байболат