МТРА жаңалықтары

Петропавлда ыстық су құбыры жарылды

Төтенше жағдай салдарынан жақын маңда орналасқан тұрғын үйлер мен 1-ші қалалық балалар емханасының жертөлесіне ағын су еніп, тәртіп сақшылары көшедегі көлік қозғалысын уақытша шектеді. Төтенше жағдай маңына жақын орналасқан баспана тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылып, тиісті көмектер көрсетілді. Жылу магистраліндегі апатты ауыздықтауға “Севказэнерго” АҚ-ның 30 жұмысшысы мен 11 бірлік техникасы тартылды.

Қайролла Ғалеев – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазіргі уақытта жылу магистралінің 8 метріне жөндеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында апаттық-құтқару тобы жұмыс істеуде. Бүгін түнгі сағат 22-00-де ыстық су құбыры іске қосылатын болады.

 

Бакыт Садуакасов