МТРА жаңалықтары

Өңірдегі мемлекеттік мекемелер тұрғындарға қызмет көрсетуде бірқатар қателіктерге бой алдырған

Ең алдымен 2014-2015 жылдың 9 айында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуге деген талаптарды орындауы талқыланды. Өйткені, соңғы жылдары мемлекеттік мекемелер өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті атқармай, бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген. Кемшіліктер көшін Петропавл қаласының әкімдігі бастап тұр. Аудандарда да бұл жағдай көңіл көншітпейді.

Бұл жиында мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің жұмысына негізсіз араласуды болдырмау мақсатында құрастырылған пилоттық жоба таныстырылды. Бағдарлама ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің шешімімен жасалған.

Қуандық Жаппаров – облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

-Осы күнге дейін біздің прокурорлардың облыстағы мемлекеттік мекемелерде 5 мыңға жуық тексеріс жүргізгендігі ақпараттық порталда тіркелді. Оның ішінде кәсіпкерлік субьектілеріне 2000-дай бақылау ұйымдастырыпты. Тексеріс қорытындысы бойынша себепсіз тексеріс жүргізуге қатысты 74 факті анықталды.

 

Бакыт Садуакасов