МТРА жаңалықтары

Католиктер Рождествоға дайындалуда

Петропавлдағы “Қасиетті Троица” римдік-католик приходының қызметкерлері мерекеге орай храмның ішін алдын ала безендіріп қойыпты. Сондай-ақ, шіркеудің бір бөлмесінде жылжымалы рождестволық қуыршақтар панорамасы орналасқан. Бұл жерде Иса Пайғамбардың сәби кезі мен түрлі тап өкілдері бейнеленген. Жалпы, мереке 8 күн көлемінде тойланады.

Кшиштоф Ян Бугара, Петропавлдағы “Қасиетті Троица” римдік-католик приходы настоятелінің орынбасары:

-Дәл осы түні Иисус Христос өмірге келген. Сондықтан, бүгін түнгі сағат 21:00-ден бастап барлық католик сеніміндегілер жиналып құдайға құлшылық етеміз. Мерекенің тарихы тереңде. Сол себепті, ол жарқын болашақ пен жылулықтың мейрамы болып саналады.

 

Акбопе Танирберген