Білім

СҚО білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бұл ретте былтырғы жылдан бастап барлық мектептердің аттестациялаудан өтуі көрсеткіштерді төмендеткен. Мәселен өңірімізде былтыр 117-і білім ошағында осындай тестілеу жұмыстары жүргізіліп, сол сыннан тек оның 64-і ғана сүрінбей өтіпті.

Биылдың өзінде 13 мектепте білім деңгейі төмен екендігі анықталған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы жолдауында аталған салаға ерекше көңіл бөледі. «Нұрлы жол» бағдарламасында Президент бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша тоқталды.

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы.

-Ұлткөшбасшысы біздің алдымызға 2020 жылға дейін 1-мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді толықтай балабақшамен қамтамасыз ету керек деген тапсырма қойды. 2014 жылы облыста 1118 орынға шақталған бірнеше балабақша ашылды. Осылайша бүлдіршіндердің тәрбиемен қамтылуы 3,8 пайызға артты. Әлі де атқарылар шаруалар жетерлік. Бүгінгі күні тек Петропавл қаласында 10 004 бала кезекте тұр. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік әріптестіктің арқасында 4 балабақшаның құрылысы басталды.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа жол берген педагогтардың қылмысы артып отырғандығы айтылды. Облыстағы мектептердің бірінің директоры отын жағушының атын жамылып, жарты вставка көлемінде жалақы алып отырған. Жалпы осы сынды олқылыққа жол берген 2 мектеп директоры былтыр жұмысынан босатылып, тағы 11-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова болашақта мұндай қателікке жол бергендер жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.

Анархан Дүйсенова – Облыс әкімінің орынбасары.

-Жұмысына бейжай қарайтын басшылардың салдарынан мектепте тәртіп болмайды. Сондықтан білім ошақтарының директорлары облыста болып жатқан мән-жайды өздерінің әріптестеріне әркез айтып құлағдар етіп жүрулері қажет. Сонда ғана белгілікті бір нәтиже болады.

Ұлттық біріңғай тестілеу де әңгіме өзегіне айналды. Тестілеудің форматы биыл еш өзгерсіз қалды. Биылғы жылы да облыс түлектері 8 арнайы мекемеде сынақ тапсыратын болады. Осымен бірнеше жыл көлемінде өңір мектептерінде оқулық тапшылығы байқалған еді. Жаңа оқу жылында мұндай проблема болмайтын көрінеді. Ол үшін жергілікті қазынадан 210 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.

Күлпаш Қалғожина – СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары.

-Оқулықтар сатып алуға өтініштер дайындалды. Білім мекемелері 12 кітап шығаратын баспалармен жұмыс жасауда. Келісімшарттар жасалынды. Биылғы жылы 4-ші, 5-ші, 6-шы және 11-ші сыныптардың оқулықтары жаңартылады. Оған тиісті қаражат бөлінді. Тағы қосымша қаржы бөлу мәселесі талқыланып жатыр.

Жиын барысында ұстаздар қауымы да Елімізде Президент сайлауының өтуіне қолдау танытып отырғандықтарын жасырмады.

Марат Балтабаев – № 1 Кішкенекөл орта мектебінің директоры, Уәлиханов ауданы.

-Ассамблея биыл Елбасын сайлау мақсатын көздеп отыр. Мен өзім мектеп директоры ретінде, аудандық мәслихат депутаты ретінде мұнымен толық келісемін. Өйткені Елбасы әсіресе осы білім саласына өзінің көп назарын аударып жатыр. Келешекте осы көздеген мақсаттарға жетеміз деген ойдамын.

Басқосу соңында биылға жоспар бектілді. Жалпы ұйымдастырылған білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысына барлығы 500-ден астам азамат қатысты.

 

Самат Джакупов.