МТРА жаңалықтары

Петропавлда қаланы безендіруге кәсіпкерлер ат салысуда

Александр Богданов, «Идея» жарнама агенттігінің директоры:

-Мерекеге орай түрлі жаңажылдық иллюминацияларды орнаттық. Жалпы қалаға 5 арка қойылды, бүгін тағы біреуін М.Жұмабаев саябағына орнатқалы отырмыз. Сондай-ақ, көшелерге түрлі мүсіндер көрік беруде. Қала тұрғындарын қуантып, жаңажылдық көңіл күй сыйлағанымызға қуаныштымыз.

«Петропавл коммунхоз» серіктестігі жыл сайын қаланы безендіруге ат салысады. Бүгінгі күні олар орнатқан үш бірдей композиция айналаға көрік беріп тұр. Мәселен, мына шырша өзінше ерекше. Бұл бағытта 5 бірдей қызметкер тер төгуде.

Бейбіт Смағұлов, «Коммунхоз Петропавл» ЖШС шебері:

-Биыл жалпы 5 композиция ұсынып отырмыз. Үшеуі Қазақстан Конституциясы көшесінің бойында орналасқан. Тағы екеуін даярлап жатырмыз. Олардың бірі – 7 метрлік шырша. Ол – К.Сүтүшев пен Жамбыл көшесінің қиылысынан орын алмақ. Екіншісі – үлкен сырғанақ. Оны Тәуелсіздік стелласының маңына орнатамыз. Айта кетейін, біз барлығын өз қолымызбен жасаймыз.

Тағы бір жарнама серіктестігі Н.Погодин атындағы орыс драма театры, Достық үйінің қас беті, облыстық мәслихат және тағы басқа ғимараттар мен көпқабатты 10 тұрғын үйдің қасбетін безендірген.
Кәсіпкерлер бұл біздің сүйікті қаламызға сыйлығымыз дейді. Сол себепті де көріктендіруге кеткен қаражат мөлшерін құпия ұстағанды жөн санап отыр.

 

 

Акбопе Танирберген