Салық басқармасы

“Чекті суретке түсір де тосын сыйды ұтып ал” акциясы аясында 8 солтүстіказастандық ынталадыру сыйлығына ие болды

“Чекті суретке түсір де тосын сыйды ұтып ал” облыстық акциясы мәресіне жетті. СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының айтуынша, осы шараның жастарға мол пайдасы тиді. Біріншіден, олар тұтынушы ретінде өз құқығын қорғауға үйренеді. Екіншіден, оқушылар мен студенттер сатушыдан түбіртекті талап ету арқылы жергілікті қазыналарға салықтың уақытылы әрі толық мөлшерде түсуіне себепкер болды.
Кирилл Гомонов акцияға белсенді қатысқандардың бірі. Ол бір ай көлемінде сатушылардан тауардың түбіртегін талап етіп, оны ұялы телефон арқылы тиісті мекенжайға жолдап отырған. Кириллдің телефон нөмірін генератор кездейсоқ таңдап, жерлесіміз жеңімпаз атанды. Бүгін оған планшет сыйланды. Фискалды орган қызметкерлерінің айтуынша, тұтынушы ұнамаған тауарын сауда нүктесіне 2 аптаның ішінде қайтаруға құқылы. Жалпы аталмыш акция аясында 8 солтүстіказастандық ынталадыру сыйлығына ие болыпты.

Кирилл Гомонов – акцияның жеңімпазы, оқушы:

 

-Біз түбіртекті азық-түлік дүкенінде, дәріханада, киім сататын сауда үйлерінде сатушылардан талап еттік. Кейін бұл әдепкі дағдыға айналды. Қарындасым Арина да қасымда жүріп тауар түбіртегін сұрады. 1 айдың ішінде біз 200-ге жуық түбіртек жинадық.

 

Берик Касен