Денсаулық сақтау

Петропавлда елатомдық құрылғылардың кезекті көрмесі өтуде

-Зауыттың соңғы өнімдерінің бірі – “Диамаг” құрылғысы ағзаға магниттік өріс арқылы әсер етеді. Аппарат бас миының ауруларын емдеуге арналған. Оның инсульт, бас сақинасы, ұйқысыздықтан арылуда пайдасы мол.

Елатом құрылғылар зауытының тұрғындарға ұсынып отырған аппараттарының түрлері сан алуан. Солардың бірі – “Стимэл-01.

Бәтима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-“Стимел-01” – ол шағын ғана, ыңғайлы құрылғы. Мұны қалтаға салып жүруге де болады. Батареяның және де тоқ көзінің қуатымен жұмыс істейді. Қабынуды, ауырсынуды басатын дәрінің орнын алмастыра алады. Бұл қатты шаншуды тез арада 7-8 сағатқа бәсеңдетеді.

Қазіргі таңда “Үй дәрігері” сериясымен шығатын “Алмаг 01” аппараты сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Ол адам ағзасына төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді.

Бәтима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-“Алмаг” құрылғысының адамның ағзасына тигізер әсері мол. Бұл құрал жүрек-қантамырлар жүйесін, тамырдың кеңеюі, невралгия, басқа да қауіпті аурулардың алдын алуға және емдеуге септеседі.

Бүгін бастау алған Елатомдық құрылғылар зауытының кезекті медициналық көрмесі тамыздың 8-іне дейін жалғасады. Көрме күндері жерлестеріміздің физиотерапевтік аппараттарды “Қазақстан Конституциясы, 2” мекен жайындағы “Сердечная” дәріханасынан зауыт бағасымен сатып алуға мүмкіндіктері бар. Анықтама телефоны – 46-35-12.


 

Акбопе Танирберген