Құқық қорғау органдары

Петропавлда сатушыны пышақтап, дүкен тонаған қылмыскер қолға түсті

Асан Мейрамов – Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары:

-ІІД бастығының бұйрығымен аталған қылмысты ашу үшін жедел- тергеу тобы құрылды.

Оқиғадан хабардар болған полицейлер бірден қылмыскердің ізіне түсіп, 26 жастағы петропавлдық қаскөйді қолға түсірді.

Күдікті:

 

-Мұндай қылмысқа барғаным дұрыс болмады. Бұл ойымды жүзеге асыру жайын көп уақыт ойлаумен болдым. Енді өкініп отырмын.

Қолға түскен азамат уақытша қамау изоляторында отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Акбопе Танирберген