МТРА жаңалықтары

Петропавл маңында халық тұтынатын тауар тиелген “Вольво” жүк көлігі отқа оранды

Бірақ, жүк көлігінің тауар тиелген тіркемесі жанып кетті. Абырой болғанда, жүргізушісі дін аман.
Белгілі болғандай, темір тұлпар Алматы-Петропавл бағыты бойынша келе жатқан көрінеді.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

-Өртті құтқарушылар түнгі сағат 23-тен 24 минут кеткенде ауыздықтап, 1-ден аса толығымен сөндірді. Жалынды өшіруге 5 бірлік техника мен 15 өрт сөндіруші жұмылдырылды. От 39 шаршы метр аумақты жалмаған. Қазіргі уақытта полицейлер келтірілген залал көлемі мен өрттің шығу себептерін анықтау үстінде.

 

Бакыт Садуакасов