Энергетика

2016 жылы СҚО-да жылу 9%-ға қымбаттайды

Арман Өтегенов – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

-2017 жылдан бастап үйге ортақ есепке алу құралдарын орнатпаған тұтынушылар үшін тарифтің өсуі 70%-ды құрайды. Ал есептеуіштері бар тұрғындар үшін 41,24%-ға артады. Айырмашылығы – 30%. Сондықтан, құрылғыларды орнату бәрімізге де тиімді. Бұл сұрақты «Севказэнергосбыт» ЖШС арқылы шешуге болады.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің қызметкерлері жылу тарифі бағасының көтерілу мәселесін жарты жыл бойы қарастырған. Нәтижесінде 5 жылға шақталған жаңа инвестициялық жоба қабылданды. Аталмыш бағдарлама өңіріміздегі жылу тарату сапасын арттыруға бағытталған.

Арман Өтегенов – СҚО бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

-Жылу және электр энергетика саласында 4 базалық табиғи монополиялар субьектілерінің өтінімдері қаралды. Мәселен, бізге жылуды 167%-ға арттыру туралы ұсыныс келіп түсті. Сәйкесінше, шешім де қабылданды. Оны біз 69-ға дейін қысқарттық. Осылайша, біз 21 млрд теңгені үнемдеп қалдық. Айту керек, жылу тарифі 2012 жылдан бері көтерілмеген.

Бүгінде облысымыздағы жылу құбырларының 70%-ы тозып біткен. Бұл жылудың ысырап болуына әкелуде. Ал 5 жылдық инвестициялық жобаны іске асыру барысында мамандар жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына 11 млрд теңге салуды көздеп отыр.

 

 

Айгерим Ержанова