Қоғам

“Қонақжай Петропавл-2015” байқауының қорытындысы жарияланды

Сайран Хамзин – СҚО рестораторлар мен отельерлер қауымдастығының төрағасы:

-Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрды. Ол үшін арнайы комиссия құрылды. Біріншісінде олар қатысушыларға жасырын түрде барып, клиенттерді қарсы алуына және нысандардың ішін аралап баға берді. Ал екінші кезеңде интернет арқылы дауыс беру жүргізілді. Бұл жерде біз жоғары деңгейдегі белсенділікті байқадық. 65 мыңнан астам адам өз таңдауын жасаған.

Үздіктерді анықтау 2 айға созылған. Бәсеке сайыстың ғаламтор арқылы жүргізілген кезеңінде қыза түсті дейді ұйымдастырушылар.

Игорь Садчиков – “Авантаж” компаниясының өкілі:

-Байқау негізі өте жақсы ойластырылған. Интернеттегі бәсекелестік жоғары болды. Бәрі әділ түрде өтті. Бір адам бір рет қана таңдау жасады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйақы, дипломдар мен бағалы заттар табысталды.

 

 

Айгерим Ержанова