Білім

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында бейбітшілік пен келісім сыныбы ашылды

Сағындық Салмұрзин – “Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы” РҚБ СҚОФ басшысы:

-Осы мекемеде орталық ашылып отыр. Бұл – дәстүрлі орталық. Орта оқу орындарында ашылып жатыр. Ал мектепте мұндай орындар бірінші рет тұсауы кесілді. Мұны Ассамблеяның шағын көрінісі деуге болады.

Расымен де сыныптың әр жерінен ұлттар достығынан сыр шертер қызықты мәліметтер мен қолөнер бұйымдарын кезіктіруге болады. Мектеп шәкірттерінің қолдарынан шыққан әр туынды ерекше талғампаздықпен жасалған. Ең бастысы, мұндағы тәрбиеленушілер сан ұлттың салт-дәстүрімен етене жақын танысуға мүмкіндік алып отыр.

Дамира Әлжанова – Есту кемістігі бар балаларға арналған (арнайы)облыстық мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы:

-Мектебімізде сан түрлі ұлттың балалары білім алып келеді. Достық сыныбын ашуда интернат тәрбиеленушілері белсенділіктерін танытты. Болашақта осы сыныпта оқушылармен сабақтар өткізетін боламыз.

Осы күні есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында 143 оқушы білім алуда.

 

 

Бакыт Садуакасов