Құқық қорғау органдары

((“Өміріңді жарқын ету – өз қолыңда” республикалық акциясы өтуде

Думан Таев – СҚО ІІД бастығының орынбасары:

-Осындай шараларды өткізудің мақсаты – жастарға есірткінің зиян екенін айтып, олар жаман әдеттен алшақтату. Кейінгі ұрпаққа үлгі болсын деп әйгілі спортшыларды шақырдық.

Ұйымдастырушылар залда отырған 700-ден астам оқушы мен студент арасынан біразын тұрғызып, сөзге тартты. Әңгіме барысында белгілі болғандай, біразы адамды есінен тандыратын қоспалар мен есірткінің сан алуан түрі барынан хабардар. Бірақ, осы тағылымды шарадан зиянды заттың салдарын алғаш естуіміз дейді. Жиын барысында спайсты қолданған адамның мінез-құлқын фильмнен көру арқылы жасөспірімдердің бойында есірткіге деген жиіркеніш сезімі туды.

Артур Гусельников:

-Жаңағы фильмді тамашаладым. Залда отырып, ешқашан есірткі мен спайсты татып көрмеймін. Одан да спортпен шұғылдану жақсы екен ғой деген ойға келдім.

Тәртіп сақшылары есірткі түрлерін сақтаудың өзі заңбұзушылық екенін түсіндірді. Оны иісшіл иттердің көмегімен оңай тауып алуға болатынын көрсетті. Яғни, кинологтар сахнаға шығып төрт аяқты серіктерімен демонстрация жасады. Дәрігерлердің осы тақырыпқа қатысты нақты фактілер келтіруі де жастарды ойлантпай қоймады. Есірткіні бір рет шеккеннің өзінде оған тәуелділік пайда болады, тіпті адамның өміріне қауіпті.
Сондай-ақ, акцияға мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, оқушы, студенттерге түзу жолмен жүру керек екенін айтты.

Сәлімхан Сәбитов – “АРДОС-Жүрек” ЗТБ мүгедектер бірлестігі директорының орынбасары:

-“Өмірде белсенді болыңдар, қолдарыңнан келетін іске шын ықыласпен беріліп, экраннан көрген адамның жолын қумаңдар. Онда “Естеріңізде болсын, бәрі кеш болғанда, тегі бізді ешкім ескертпеді деп айтушы болмаңдар” деп жазылған сөздерге көңіл бөліңдер.

Ал, гір спортынан әлемнің 25 дүркін чемпионы Виталий Диденко мансапқа қандай еңбекпен жеткендігін айтты. Мейман спортпен және шығармашылықпен айналысқан адамның өмірі мәнді-мағыналы болады деді.

Берик Касен