Қоғам

Петропавлда “Қазақстанның қанатты әйелдері” атты кітаптың тұсауы кесілді

Бақытжан Сәмиева – “СҚО іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ төрайымы:

-Алдымызда әлі атқаратын біраз жұмыс бар. Соларды қазір отырыс барысында талқылап, жоспар құрамыз.

Бүгін мына залға түрлі салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан нәзік жандылар жиналған. Олар: педагогтар, медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер. Осында отырған әр әйел адам өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:

-Елбасы жүктеген міндеттерді орындауда барлық қоғамдық институттардың рөлі маңызды. Соның ішінде гендерлік теңдік бағытында жұмыс істейтіндер де бар. Өйткені, мемлекет басшысының кезекті Жолдауының негізгі бөлігі әлеуметтік саланың дамуына арналған.

Кейін мұнда “Қазақстанның қанатты әйелдері” атты кітаптың тұсауы кесілді. Туындыда 50 солтүстікқазақстандық әйелдің өмірі мен қызметі жайлы жіті жазылған. Бұл кітапта Тойкен Күдероваға да арналған парақты аңғаруға болады. Нәзік жанды 35 жылға жуық уақыт бойы білім мен мәдениет саласында еңбек етіп келеді.

Тойкен Күдерова – «Өнер колледжі-музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің мұғалімі:

-Осындай еңбегім еленіп жатқанына өте қуаныштымын. Бүгінде еліміз Елбасының қолдауының арқасында жоғарғы деңгейге шықты.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік күні қарсаңында 4 солтүстікқазқстандыққа өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін облыс әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

 

 

Риат Шони