Құқық қорғау органдары

Өңірімізде «Құқықтық тәртіп» републикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Жалпы жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы тәулігінде облыс жолдарында көлікті масаң күйде басқарған 25 жүргізуші ұсталып, 533 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда ішкілікті күйде болғаны үшін – 131, көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны үшін 65 хаттама толтырылды. “Құқықтық тәртіп» операциясы желтоқсанның 12-сі күні аяқталады.

Ерлан Нұғыманов – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальоны взвод командирінің орынбасары:

-«Құқықтық тәртіп» операциясы аясында Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полициясы батальоны сот орындаушыларымен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізді. Оның барысында Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғынының әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүргені анықталды. Сот орындаушысы ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Аталған азамат сотқа жеткізілді.

 

 

Акбопе Танирберген