Білім

Облыстық сотта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Осы жерде құқық тақырыбында қалам тербейтін тілшілер арасында өткен байқау қорытындысы да жарияланды. Қазақстан тәуелсіздік алғалы мемлекеттік құрылым жүйесі түгелдей өзгерді. Бұл ретте жаңа сот жүйесін қалыптастыру, оның тәуелсіздігін қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болды, деді салтанатты жиынды ашқан облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай.

Мұратғали Әкетай – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

-Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізу зор бақыт. Тәуелсіз Қазақстан қазіргі жер-жаһанның бәріне танылып отырған тұғырлы ел. Елбасымыз өз жолдауында ұсынған «Мәңгілік ел» идеясы Қазақ Елінің тәуелсіздік жолыфндағы жанқиярлық еңбегімен, тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны деп атап өтті.

 

Магжан Ахмадина