Қоғам

Биыл Петропавлда мемлекеттік бағдарлама аясында 6 көпқабатты тұрғын үйді жөндеуге 136 млн теңге бөлінген

Раиса Хроменко – “Ухабова, 5” ПИК төрайымы:

-Мен тұрғындармен жиналыс өткізіп, мемлекеттік бағдарлама көмегімен нысанды жөндеуден өткізуге болатындығын айттым. Пәтер иелері қарсылық танытпай, бірден өз келісімдерін берді. Жұмсалған қаражатты тұрғындар 15 жылға несиеге рәсімдеді. Жаңа жылдан бастап тұрғындар алғашқы төлемдерін өтей бастайды.

3 қабатты баспанадағы жұмыстарды “Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі” серіктестігі атқаруда. Мердігерлер бүгінге дейін барлық шаруаның 50 пайызын тындырған.

Валентина Алексеева – үй тұрғыны:

-Бұрындары үйдің қасбеті адам көргісіз кейіпте болатын. Тозығы жеткен баспананың жаңартылып жатқанына бәріміз қуаныштымыз. Мемлекет қолдауынсыз мұндай шаруаны бір өзіміз атқара алмас едік.

Баспана иелері бұған дейін де мемлекеттік бағдарламаға жүгініп, ғимараттың шатыры мен кәріздік желілерін жаңасына алмастырыпты. Биыл Петропавлда “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасы аясында 6 үйді жөндеуге 136 миллион теңге бөлінген.

 

 

Бакыт Садуакасов