Құқық қорғау органдары

Өңір полицейлері аттестаттаудан өтуде

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасының инспекторы:

 

-“Құқық қорғау қызметі туралы” заңға сәйкес ІІД-де полиция қызметкерлері аттестациядан өтуде. Оларға қойылған негізгі талаптарға – физикалық тұрғыдағы даярлығы мен табельді қаруды қолдана білуі және жұмыстарында күнделікті пайланатын ҚР заңдарын жатқа білуі кіреді.

4 айдың қорытындысында комиссия мүшелері 66 қызметкерді атқарып отырған лауазымдарына сай, кадр резервіне енгізуді немесе лауазымын жоғарылатуды ұсынды. Сонымен, 274 тәртіп сақшысы атқарып отырған лауазымдарына сай қызметін жалғастыратын болса, 38-і қайта аттестаттауға жіберілген. Ал, 6 бірдей полицейдің лауазымы төмендетілмек.

Акбопе Танирберген