Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мәселелер кейін панельдік сессияларда талқыланды

Юрий Щеткин – “АгроАльянс” ғылыми-өндірістік компаниясы” ЖШҚ директоры, Түмен облысы, РФ:

-Бізде тұқымның жаңа сұрыптары шығарылады. Осы арқылы экспортқа жіберілетін өнім көлемін арттырып отырмыз. Компаниямыз Ресей мен Қазақстанның бірқатар аймақтарымен сауда жасайды. Әсіресе, сіздердің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріңіз “Омбылық 36” сұрыпты бидайға қызығушылық танытады. Соны алдағы уақытта көптеп экспорттау жоспарда бар.

Ал, мына залда “Жаңа жоғары өнімді сорттар мен майлы дақылдар будандары” тақырыбында жиын өтуде. Отырысқа қатысушы диқандар өзара сұрақтармен алмасып, тың жаңалықтарды естуге асық. Ақмолалық маман Юрий Похоруков биылғы жылы алғаш рет пайдаланға “Стриптил” технологиясының пайдасына орақ науқаны кезінде көз жеткізген. Тың тәсілді күзгі дала жұмыстарын аяқтағаннан кейін қолдану қажет дейді.

Юрий Похоруков – А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының егістік дақылдар агротехникасы зертханасының меңгерушісі, Ақмола облысы:

-“Стриптил” технологиясының дәнді дақылдардың сапалы өсіп-өнуіне септігі бол. Бұрындары гектарына 14 центнерден өнім жинасақ, қазірде оның көлемін 16 центнерге дейін жеткіздік. Сондықтан, солтүстікқазақстандық шаруларға да бұл технологияны қолдануға кеңес берер едім.

Ал, өзге екі залда қос елдің диқандары бидай өндірісін арттыру мен оның сапасын жақсарту жолдарын қарастырды. Кейін Ресейдің Түмен, Омбы, Қорған облыстарынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер теріскейлік диқандармен тұқым сатып алуға қатысты жалпы сомасы 500 миллион теңгенің келісімін жасады.

 

 

Култанов Байболат