Құқық қорғау органдары

Облыста “Мигрант” жедел-алдын алу акциясы өтуде

Мына Тәжікстан Республикасы азаматының өз сөзінде тұрар-тұрмасын уақыт көрсете жатар. Ал, әзірге ол көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 тәулікке қамауға алынды. Шетелдік мигранттың көші-қон картасының мерзімі әлдеқашан аяқталған. Заңды бұзғандығын біле тұра, ұсталған тәжікстандық өз еліне қайтуға асықпапты. Оның қасындағы айыпталушы да дәл осындай әрекетке барып отыр.

Аманбай Құсайынов – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының взвод командирі:

-“Мигрант” жедел-алдын алу шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 60 факті анықталды. Бүгінгі таңда 11 шетелдік келімсек уақытша қамауға алынса, 6 азамат елімізден шеттетілді. 40 адамның ел аумағында болу мерзімі қысқартылды.

Енді көші-қон заңнамасын бұзған бұл екі шетелдік сот шешіміне сәйкес Қазақстанға 5 жыл көлемінде аяқ аттап баспауы тиіс.
Жалпы, “Мигрант” жедел-алдын алу шарасы желтоқсанның 9-ына дейін жалғасады. Рейд кезінде тәртіп сақшылары өзге ел азаматтарын заңсыз жұмысқа қабылдаған жергілікті 2 жұмыс берушіні жауапқа тартқан. Арзан жұмыс күшін пайдаланған кәсіпкерлер 60 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.


 

Бакыт Садуакасов