Қылмыс

Өңірдің 3 тұрғыны бірнеше қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

 

Әзірге ұсталғаны – 3 адам. Олар Қызылжар ауданында мал ұрлап қана қоймай, Знаменное, Большая Малышка және Новоникольск селоларында азық-түлік дүкендерін тонады деп айыпталуда. Баукеспелер қылмыстарын бір уақытта, яғни күндізгі сағат 13.00-ден түнгі сағат 4-ке дейін белгілі бір жоспар бойынша іске асырып отырған. Тәртіп сақшылары 3 ұрының біреуін жақында Шаховское селосында қылмыс үстінде ұстаған. 25-27 жастағы қалған екеуін тергеу жұмыстары құрықтапты. Әзірге, күдіктілердің қанша ұрлық жасағандары белісіз. Қазір оларға қатысты 9 қылмыстық іс қозғалды.

Әлия Жүсіпова – Қызылжар ауданы ІІБ аға тергеушісі:

 

– Күдіктілер бірнеше ұрлық фактісі бойынша ұсталды. Әзірге қылмыстары дәлелденген жоқ.Сол себепті олар қазір тергеу изоляторында қамауда.

Айгерим Ержанова