МТРА жаңалықтары

СҚО-да ауа райының қолайсыздығы көлік жүргізушілерін әбігерге салуда

Сол себепті транзиттік көліктер мен жолаушыларға облыс орталығында аялдауға тура келген болатын. Тас жол тек бүгін таңертеңгі 11:00-ден кейін ашылды. Өңір полицейлері егер ауа райы тағы құбылып, жаңбыр жауып, аяз болса көлік қозғалысына тағы шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертеді.

Евгений Гокин, СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

– 3-нен 4-не қараған түні адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында барлық бағыттағы жолдарды жабу шешімі қабылданды. Тас жолдағы көлік қозғалысының шектелуіне байланысты мәліметтерді 61 25 01 немесе 112 телефон нөмірдері арқылы білуге болады. Қазір жолдар ашық, көліктер қатынап жатыр. Көктайғаққа байланысты жолға құм себу жұмыстары жүргізілуде.

Акбопе Танирберген