Денсаулық сақтау

Петропавлда тізе буын ауруларына ота жасау бойынша шеберлік сағаты өтті

Күлшаш Ахметова:


– Сәтті өтті. Осы күнді көп күттім. Енді біртіндеп жүре бастайтын боламын. Үкіметке де рахмет. Мен сияқты зейнеткердің қалтасы көтермейтін ота. Барлық ақ халаттыларға алғыс білдіремін.

Желтоқсанның бірінен бері 3-ші қалалық аурухананың травматология бөлімінде 10 шеберлік сыныбы өткізілді. Ресейден келген маман жаңа ғана соңғы операцияны орындап шықты. Бірнеше күнге жалғасқан шеберлік сыныптарына аталған аурухананың барлық травматологы қатысты. Олар осылайша тәжірибе алмақ.

Рафаэль Пописьянц, “№1 Краевая клиникалық ауруханасы” ҒЗИ травматология бөлімшесінің аға ординаторы, Краснодар өлкесі, РФ:

– Эндопротездеу отасын енді петропавлдық травматологтар өздері жасай алады. Олар бірнеше операцияға қатысыпты. Айта кетейін, Солтүстік Қазақстанда әр 10 мың адамның 20-сы буын ауруларына шалдыққан. Ота өте күрделі болып саналады. Бүгінде ол Қалақзстанның бірнеше қалаларында жасалады.

Дәрігерлердің айтуынша, буын ауруы соңғы сатысында анықталса, тек ота жасап, жасанды буын орнату арқылы ғана науқасты аяққа тұрғызуға болады. Сырқатқа негізінен елуді еңсеріп, алпыстан асқандар шалдығатын көрінеді.

Мейрам Оспанов, №3 қалалық аурухананың жарақат бөлімшесінің аға ординаторы:

 

– Біздің облыста 500 мыңнан астам тұрғын болса жылына оның 1000-ға жуығы эндопротездеу отасын қажет етеді. Көп жағдайда сырқат бізге ауруы әбден асқынып, жүріп-тұруы қиындаған кезде немесе төсек тартып қалғанда жүгінеді. Бұл дегеніміз аурудың ең жоғарғы сатысы. Мұндай кезде науқасқа тек ота жасау керек болады. Адамның тізесіне тұз жиналып, сүйегі мүжіледі. Нәтижесінде буын жұмыстары тежеледі. Оның орнына темір протез салынады. Күрделі отаны өз көзіммен көріп, біраз нәрсе үйрендім. Дамыған мемлекеттердің озық тәжірибесін пайдалану біздің медицинаның ілгері басуына үлкен ықпалын тигізеді.

Мемлекет қаржыландыратын мұндай бір операцияның құны – 880 мың теңге.

Акбопе Танирберген