Құқық қорғау органдары

Өңірде «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын» акциясы жалғасуда

Яғни, учаскелік полиция инспекторы өзі жауапты аумақтың әр тұрғынымен танысып, аты-жөні мен телефон нөмірі жазылған бүктеме ұсынады.
ІІД әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше акция басталғалы тәртіп сақшылары Петропавлда 9200-ден артық үйді аралап, 84 000 визитка таратқан. Сондай-ақ, тұрғындардың қатысуымен 119 жиын ұйымдастырылыпты. Қарашаның 9-ы басталған жедел-алдын алу шарасы желтоқсанның 16-на дейін жалғасады.

 

Акбопе Танирберген