Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жолдау жүктеген міндеттер

Ділбара Бегалина- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ құқық пәндері кафедрасының аға оқытушысы

– Жастар бұл мемлекетіміздің басты қозғаушы күші. Сондықтан олардың бойынша ұлттық рухты, патриотизмді ояту қажет.

Маңызды құжатта жастарға үлкен сенім артылады. Аталмыш оқу орнының студенттері бұл бағытта көптеген шаруа тындырған.

Гүлмира Танақұлова- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы

– Елбасы жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша оқу ордасында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Университеттің белсенді жастары түрлі конференциялар өткізіп, жолдауда айтылған барлық бағыттарды студенттерге түсіндіруде. Ол арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Тек жұдырықтай жұмылып, бірлігі жарасқан мемлекет қана табысқа жете алады деді өз сөзінде мемлекет басшысы. Студенттер мен оқытушылар ұжымының пікірі де осыған саяды.

 

Магжан Ахмадина.