Мәдениет

Петропавлда Тұңғыш Президен күніне арналған концерт өтті

Жас актер Айбол Қасым “Қазақстанның бүгінгі жетістіктері – Елбасының ерен еңбегінің арқасы. Сол себепті, Тұңғыш Трезидент күнінің маңызы жоғары, мәртебесі биік дейді.

Айбол Қасым, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театырының актері:

-Елбасымыздың құрметіне ұйымдастырылған осынау концертке қатысу мен үшін мәртебе. Бүгін президентіміздің сүйіп тыңдайтын әндерін орындаудамыз.

Бүгінгі концертте негізінен патриоттық рухтағы әндер шырқалды. Одан бөлек Президент сүйіп тыңдайтын туындылар да орындалды.

Ән мен жырдан бөлек, “Алуа” би ансамблі қазақтың ұлттық билерін ортаға салды. Сахнадан күмбірлеген күй де төгілді.
Жалпы, мерекелік шара 1,5 сағатқа жалғасты. сылайша, өнер ордасының ұжымы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Акбопе Танирберген