Спорт

СҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Ол бұл спортқа бала күнінен әуес. Сол себепті, теннистің тиімді деген әдіс-тәсілдерін жақсы біледі.Қазір оның қарсыласы – облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының маманы Қажымұрат Осипов. Ол да осалдық танытып жатқан жоқ. Десе де Уәлихан Шахатов бұл ойында өз басымдығын танытты.

Уәлихан Шахатов, жарысқа қатысушы:


–  Алғашқы бәсекелесімді 2:1 есебімен ұттым. Қазір келесі қарсыласыммен ойнаймын. 2014 жылы облыс көлемінде үстел теннисі бойынша өткен жарыста топ жарғанмын. Қазір де бірінші ойынның қорытындысы бойынша жүлделі үштікке ілігіп тұрмын.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында үстел теннисінен өтіп жатқан облыс чемпионатына 12 команда қатысуда. Әр топта 4 адамнан.

Ирина Пюрко, жарыстың бас төрешісі:


–  Тұңғыш Президент күні қарсаңында кезекті рет облыс чемпионатын өткізіп отырмыз. Бұл – мемлекеттік қызметкерлер арасында ұйымдастырылған 6-шы турнир. Мамандар бұған дейін волейбол, футбол, жеңіл алетика және шаңғы спорт түрлерінен бәсекеге түскен болатын.

Жарыс соңында қатысушылардың барлығы диплом, кубок және алғыс хаттармен марапатталды.

Акбопе Танирберген