МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық судьяларға қызметтік пәтерлер мен көлік кілттері берілді

Мұратғали Әкетай – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

– Әділдіктің ақ жолында қызмет атқарып келе жатқан біздер үшін сот жүйесінің мәртебесін жоғары деңгейге көтеру бағытында ереше орын алатын оқиғаның бірі -азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясы. Қарапайым адамдар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық үстемдігін қамтамасыз ету болып отыр. Соның арқасында сот жүйесіне деген тұрғындардың сенімі артады.

Бұдан соң жиналғандарға Елбасының еңбек жолы жайында шағын бейнефильм көрсетілді. Кейін кезек отырыстың ресми бөлігі – марапаттау сәтіне де келіп жетті. Бүгінде мемлекет тарапынан судьяларға тиісті көмектер көрсетіліп келеді. Олар қызметтік баспана және көлікпен қамтамасыз етілуде. Бұл жолы жаңа темір тұлпардың кілті Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның №2-ші аудандық сотына да берілді.

Әсел Досымова – Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның №2-ші аудандық сотының төрайымы:

– Судьялар Елбасына еліміздің сот жүйесіне деген ерекше қамқорлығы үшін ризашылығын білдіреді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыс орталығынан шалғайда орналасқан Ғ.Мүсірепов ауданына жаңа автокөліктің кілті берілді. Сенімді ақтап, ел азаматтарының заңды және жеке тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғауға міндеттіміз.

Бұл күні қызметтік баспаналар да өз иелерін тапты. 2 бөлмелі пәтерге қолы жеткендердің бірі СҚО облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Әсел Еслямова. Нәзікжанды Елбасына әлеуметтік жағынан қолдау білдіріп жатқандығына алғысын білдірді.

Әсел Еслямова – СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

 

– Өзімнің судья болып қызметке орналасқаныма көп уақыт өте қойған жоқ. Міндетімді мінсіз, абыроймен атқаруға бар мүмкіндік беріп отырған Ел Президентіне алғысымды айтамын.

Мерекелік жиын соңы концертке ұласты.

Бакыт Садуакасов