Спорт

Солтүстікқазақстандық конькишілер әлем чемпионатының үшінші кезеңіне дайындық жүргізуде

Оның екеуі – солтүстікқазақстандық конькишілер Роман Креч пен Дмитрий Бабенко. Жақында ғана АҚШ пен Канадада өткен турнирдің алғашқы 2 кезеңінде де Роман Креч үшінші орынға тұрақтаған. Жоғары нәтижемен туған жеріне оралған Роман келесі кезеңдерге дайындық жұмыстарына кірісіп кетті.

Роман Креч, конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Алғашқы екі кезең сәтті өтті деуге болады. Себебі, олар ең маңызды әлем чемпионатына іріктеу сындары болатын. Мен жақсы нәтиже көрсеттім, сол себепті, әлем чемпионатына жолдаманы ұтытаныныма сенімдімін. Бұл байрақты дода барлық кезеңдер аяқталғанан кейін келесі жылдың ақпан айында Ресейде өтпек. Ал, осы жолы жеке рекордтарымды жаңартуға мүмкіндік туды. 500 метрлік сприндте канадалық спортшылар мен ресейлік Павел Кулижников үлкен бәсекелестік тудырды. Қазір жалпы есепте 22-орынға тұрақтадым.

Қазір Роман Креч желтоқсанның 4-і мен 6-сы аралығында Германияда, 11-і мен 13-і аралығында Голландия жерінде өтетін кубоктың келесі кезеңдеріне қызу дайындық жүргізуде. Тек 2 күнге үйіне келген ол бүгін Астанаға қайта жол жүрмек. Себебі, өңірде бұндай биік деңгейдегі жарыстарға конькимен жүгіруден дайындалуға мүмкіндік аз дейді ол. Әлем кубогын жүлдемен аяқтау үшін талмай жаттығып жатқан жергілікті спортшыларға бапкерлері де үлкен үміт артып отыр.

Антон Суровяткин, СҚО конькимен жүгіру спортынан жатықтырушысы:

– Дмитрий Бабенко – 1500 метр, 5000-1000 метр қашықтыққа, ал Роман Креч 500 және 1000 метр қашыққа жүгірді. Роман үш бірдей ұлттық рекорд орнатты. Біздің екі спортшы да алғашқы кезеңдерде жоғары нәтижелер көрсетті. Енді Еуропада өтетін келесі кезеңге екеуі де қатысады. Ол жерде барлығы ойдағыдай өтсе әрі қарай әлем кубогын жалғастыра бермек. Атап кеткен жөн, бүгінде Ұлттық құраманың 50 пайызын солтүстікқазақстандық спортшылар құрайды.

25 жастағы Роман Креч – Сочи Олимпиадасында 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден 7-орынға тұрақтап, сәтті өнер көрсеткендердің бірі. Спортшы биылғы әлем кубогынан бөлек 2018 жылы Кореяда өтетін олимпиадаға дайындық жүргізуде.

 

Акбопе Танирберген