Қоғам

Петропавлда аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

 

Осы орайда бүгін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында жастардың өмірге деген заманауи көзқарастары, ерте некелесу мен ажырасу проблемасы көтерілді. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеп, оны сақтауға шақыру сынды бірқатар мәселелер сөз етілді. Айту керек, аталмыш шараны аналар кеңесінің мүшелері ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырды.

Күлімкөз Смаилова – СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы

 

– Бүгінгі жиында біз Ұлт көшбасшысын тәрбиелеп өсірген Әлжан ана туралы әңгіме өрбітпекпіз. Әлжан анамыз адамгершілігі мол, кеңпейіл жан болған. Және де бүгінгі аналарымыз да сондай ұлы аналар туралы біліп, өздері де сондай болуға ұмтылуға тиіс деп ойлаймын. Балаларының бойында да ұлтжанды қасиеттерді оята білу керек.

Айгерим Ержанова