Тамара Ткаченко, «Кали ласка» белорус этномәдени орталығының жетекшісі:
-2002 жылы облыс орталығында “Радзима” белорус этномәдени бірлестігі ашылды. Ол фестивальге барған кезде көкейге өз селомызда да неге осындай этномәдени орталықты ашпасқа деген ой келді. Отбасында 5 қызбыз. Содан бесеуіміз бірігіп 2005 жылы “Кали ласка” деген атау беріп, орталығымызды ашып алдық. Алғашында сіңлілеріммен бірге ауыл сахнасында өнер көрсетіп жүрдік. Уақыт өте орталығымызға келушілер саны артты.
Этномәдени орталықты 10 жылдығымен әріптестері мен достары құттықтап келіпті. Сыйлыққа аудан әкімінің атынан ноутбук табысталды. Бүгінгі құшақ-құшақ гүл, ән мен бидің барлығы орталықтық құрметіне арналған.
Бүгінде белорусь ұлтының өнері мен мәдениетін кейінгі толқын өкілдері жалғастырып келеді. Соның бірі Валерия Гусейнова. Бүлдіршін қыз орталыққа 4 жылдан бері мүшелік етеді.
Валерия Гусейнова, «Кали ласка» белорус этномәдени орталығының мүшесі:
-“Кали ласка” этномәдени орталығына 2 сыныптан бері келіп жүрмін. Менің барлық отбасым осы бірлестіктің құрамында. Мәселен, мына суретте менің әжем мен әкем бар. Қазір ағам сахнада өнер көрсетеді. Екеуіміз ән салып, би билейміз. Маған бұл жер ұнайды. Себебі өңірдің әр жерін аралап концерт қоямыз.
Айту керек, Архангельск селосындағы бірде-бір мереке “Кали ласканың” қатысуынсыз өтпейтін көрінеді.
Акбопе Танирберген