МТРА жаңалықтары

Петропавлда Тұңғыш Президент күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық байқаудың екінші кезеңі өтті

Жан Айтмағанбетов – ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің баспасөз хатшысы:

-Шараның мақсаты – ең біліктілерді таңдау болып табылады. Сондай-ақ, жастар арасында патриоттық тәрбие беру және мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы оң беделін арттыру үшін ұйымдастырылған. 3 кезеңнен өтеді. Алғашқысы “Егер мен Президент болсам” деген тақырыпта, өздері жайында бейнеролик көрсетеді. Екіншісінде ҚР Президентінің өмірбаяны білуден тестілеу мен үшіншісі зияткерлік сайыс.

Ережеге сәйкес жарысқа жастары 30 келмеген мемлекеттік қызметшілер қатысуда. Бибігүл Темірбекова Мамлют аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қызмет етеді. 22 жасар нәзікжанды үшін бұл сайыстың жөні бөлек. Дайындығым да жаман емес деп отыр.

Бибігүл Темірбекова – Мамлют аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы:

-Байқауымыз Президент күніне арналған. Екінші байқауда біз 3 турдан өтеміз. Ең біріншісі таныстыру рәсімі, “егер мен президент болсам” деген. Осы ойды ары қарай өрбітер болсам мен 3 мәселеге назар аударар едім. Ол денсаулық, жастар және ауыл мәселесі.

Облыстық байқау қорытындысына сәйкес жүлделі орынды еншілеген мемлекеттік қызметшілер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов