МТРА жаңалықтары

Петропавлда 41 млн теңгеге жуық салық төленбеген

Зинаида Матюкина:

-Мойнымызда қарызымыз бар екенін білемін. Өзім жұмыс істемеймін. Үйде екі немереммен отырамын. Күйеуім әскери азамат болған, зейнетке шықты. Ақшаны өзі ұстайтын. Кейін ішімдікке салынып кетті. Қарызға белшемізден баттық. Енді жалақы карточкасы өзіме алып қойдым. Ақырындап борышымыздан құтылып жатырмын. Келесі төлемді желтоқсанның 4-нде жасаймын.

Бұл күні сот орындаушылар бірнеше мекен жайды аралады. Бірақ, барлығы бірдей үйлерінде болмай шықты. Мұндай жағдайда олар пәтер иелеріне мойнында міндетті қарызы бар екендігі туралы хабарлама тастап кетеді. Мәселен, Жуков көшесіндегі 21 үйде тұратын Дәурен есімді жігіт мемлекетке 6 млн теңгеге жуық ақша қарыз. Ол борышын өтеуден бас тартып, сот орындаушылардан жалтарып жүр. Бірақ, бұл бәріне бірдей міндет болған соң одан қашып құтылу мүмкін емес дейді мамандар.

Бағыт Оспанов – СҚО әділет департаменті жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөлімінің сот орындаушысы:

-Жыл басынан әділет департаментінің жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі бөліміне Петропавл қаласы бойынша 1 мың 974 іс келіп түсті. Бүгінде оның 849-ы орындалды. Сонымен қатар, 10 айдың ішінде сот алдына 190 әкімшілік құжат жіберілді. Енді борышкерлер заң бойынша 5 тәулікке қамауға алынады немесе 10 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлеулері тиіс.

Бүгінде қала бойынша салық қарызының сомасы 40 млн 789 мың теңгені құрап отыр.

 

 

Айгерим Ержанова