Мәдениет

Жерлес жазушы Кәкімбек Салықовтың шығармашылығына арналған ән кеші өтті

Аманжол Әлтай – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Кәкімбек ағамыз синкретті тұлға. Өйткені бұл кісінің бойына Алла тағала жалғыз ақындықты ғана емес, үлкен қайртакерлік қабілет пен жазба поэзиядағы орны ерекше.

Қазақтың біртуар ақыны Кәкімбек Салықовты еске алу кешіне халық көп жиналды. Жерлес ақын өмірінде 500-ден аса әнді жазып қалдырыпты. Сол әндердің бірталайын ақын ағамыз көзі тірісінде белгілі әнші Қапаш Құлышеваға тапсырған. Қара домбырасын күмбірлеткен дор дауысты Қапаш өнерге шөліркеген өңір халқын әнімен тәнті етті.

Қапаш Құлышева – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

– Кәкімбек ағаның 10 шақты әнін орындап жүрмін. Мен өзімнің жүрегіме жақын, даусыма келетін әндерін таңдаймын. Ол кісінің аты өлмейді, хаты да өлмейді.

Кәкімбек ағамыздың шығармашылық кешінде көпке танымал өнер иелерімен бірге, жергілікті әншілер де өз өнерлерін ортаға салды.

Біржан Есжанов – облыстық филармонияның әншісі:

– Республикадан талай әншілер, облысымыздың мықты-мықты деген әртістері жиналып, бүгін әндерін орындаймыз. Бүгін мен өзім “Сарыарқа” деген әнін орындаймын. Бұл сал-серілердің әні, ол әндерді орындалады, оған да бір үлкен жүрек керек, дауыс керек.

Жалпы шығармашылық кеште композитордың ең таңдаулы деген 20-дан аса туындысы көрермендерге жол тартты.

 

Бакыт Садуакасов