Білім

Қала мектептерінде “Жағымсыз әдеттердің алдын ал” шарасы өтуде

Мәселен, №8 жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенінде жасөспірмдерге есірткінің зияны жайлы дәрістер оқылды.
Сондай-ақ, темекі, насыбай сынды заттарды татып көр деп ұсынатын жандарға қалай жауап беру қажеттігі де түсіндірілді.

Адам ағзасына әсер етіп, өмірінің құтын қашыратын жағымсыз дүниелерге тәуелді болмау – әр адамның өз қолында. Сол себепті, дәріс тыңдаушыларға нашақорлардың өмірінен үзінді келтірілген бейнебаян көрсетілді. Оқушылар өз кезегінде нарколог маманға сұрақтарын қойды. Жиын соңында ұл-қыздарға темекінің зияны жазылған бүктеме қағаздары таратылды.

Егор Батырев, Облыстық наркологиялық орталықтың нарколог-дәрігері:

– Біз әр оқу ұясын аралап жоғары сынып оқушыларына шылым шегудің соңы неге апарып соғатынын түсіндірудеміз. Балаларды жастайынан зиянды заттардан аулақ ұстағанымыз жөн. Айта кетейін, біздің орталықта кәмелет жасқа толмағандарды тіркеуге алу анонимді түрде жүргізіледі. Олар ата-анасымен келіп, жағымсыз әрекетінен дәрігердің көмегімен арыла алады.

Акбопе Танирберген