Мәдениет

Ресейлік әнші Эльбрус Джанмирзоев Петропавлда өз концертін берді

Жалпы ресей эстрадасының жарық жұлдызы Эльбрус Джанмирзоевтың қазіргі таңда 20-дан астам өлеңі бар. Өнерпаздың айтуынша бүгінгі кешке ол репертуарын жаңартып келіпті. Сондай-ақ жақында ән сүйер қауым Эльбрустың тың туындыларын ести алатын болады.

Эльбрус Джанмирзоев – әнші:


–  Мен “Без тебя” деген әнді жазып аяқтадым, енді “Только не бойся” деп аталатын өлеңімді өңдеп жатырмын. Бұлар да “Бродяга” секілді көтеріңкі болмақ. Ал бүгін жаңа туындылар “Кофе на двоих” пен “Черное море” шырқалды. Солтүстікқазақстандықтар жақсы қабыл алды. Теріскей жұртына ерекше ризамын. Концерттерімде бірге қосылып шырқайды және билеп те жатады.

Концерт бел ортасына келіп жеткенде қыза түсті. Көрермендер өздеріне танымал өлеңдерді естіген кезде орындарында отыра алмай әншімен бірге шырқап, билеп те жатты.

Ал Эльбрус Джанмирзоев әйгілі “Бродяга” әнін шырқаған кезде халықтың есі шықты. Барлығы сахнаның алдына жиналып, көтеріңкі көңіл-күймен думандатты.

Әне-міне дегенше 1,5 сағат зу етіп, тамаша кеш өз аяғына да келіп жетті. Петропавлдық көрермен өнер иесін жақсы қарсы алып, кереметтей концерт сыйлағандарына алғыстарын жаудырды.

–  Маған концерт ұнады. Негізі әншінің “Бродяга” атты әні ұнайды.

– Маған “Мама” деген әні ұнады. Құлаққа өте жағымды. Концерт жоғары деңгейде өтті.

– Барлығы тамаша өтті. Концертті асыға күткен болатынмы. Бүгін бір жақсы демалып алдым.

Енді ресей эстрадасының жарқын жұлдызы Эльбрус Джанмирзоев өзінің кезекті концертін Сургут қаласында бермек.

 

 

Риат Шони