Құқық қорғау органдары

Петропавлда жалған жанар-жағармай талондарын сатқан қала тұрғыны ұсталды

Полиция қызметкерлері бірден жедел іздестіру шарасын ұйымдастырып, нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғынын құрықтайды. Ұсталған азамат жалған талон сатқандығын мойындады. Бірақ, оны кімнен алғандығын нақты түсіндіре алмапды.

–  При каких обстоятельствах вы оказались в УВД?

– Молодому человеку предложил талоны на бензин. Впоследствии выяснилось, что они фальшивые. Встретил знакомых парней, они дали их мне и сказали: все талоны по 50. Продашь – заработаешь.

 

Пысықай бензин талонын көлік жүргізушілеріне литрына 50 теңгеден деп сатқан. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары жалған қағаздарды бұған кімнің бергендігін анықтау үстінде.

Тоқтар Таев – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Жедел іздестіру шарасы барысында 32 жасар қала тұрғыны ұсталды. Бұл азамат бұрындары сотталған екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Егер де жалған талон сатқан жігіт кінәсін мойындаса, онда ҚР қылмыстық кодексінің 190-шы бабы бойынша 2 жыл дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

 

Риат Шони