Балалар

Петропавлда “Балаларға қуаныш сыйла” қайырымдылық акциясы өтті

Әлішер Әлім даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 түзету мектеп-интернатында 2-ші сыныпта оқиды. Мерекені үлкен қызығушылықпен тамашалаған ол “осындай шаралар жиі ұйымдастырылса екен”, – деген бала тілегін білдірді.

Әлішер Әлім, Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп–интернатының оқушысы:


– Бүгінгі шара маған ұнады. сыр салып ойнадық. Балалармен таныстым.

Мұндай қайырымдылық акция бүгіндері еліміздің әр облысында өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша республика көлемінде қолға алынған шараның басты мақсаты – даму мүмкіндігі шектеулі балғындардың бір сәтке болса да көңілін көтеріп, қуаныш сыйлау.

Әсемгүл Есқожа, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:


– Бүгінгі шара елордамызда өтіп жатқан “Керуен” республикалық акциясының аясында өтуде. Балаларға арналып арнайы шоу-бағдарламалар мен тәттіге толы дастархан әзірледік.

Қызыққа толы шараның соңында үлестірілген үлкен тортқа ұл-қыздар ерекше тәбетпен ден қойды.

Акбопе Танирберген