Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО бойынша тексеру комиссиясы биыл 65 мемлекеттік мекемеге тексеріс жүргізді

Өткен жылы 76 мемлекеттік мекемеде тексеріс жүргізіліп, 3 миллиард теңгеден астам қаржыға қатысты заңбұзушылық анықталған. Ал ағымдағы жылдың 10 айында тексеру комиссиясы жұмыс жоспарына сәйкес өңір аумағындағы 65 нысанда бақылау жүргізген.

Амандық Сейфуллин – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі:

– Бақылаумен 23 миллиард 209 миллион теңге қамтылып, ішінен 3 миллиард 999 миллион қаржылық бұзушылықтар анықталды. Не болмаса ол 17 пайызды құрайды. Анықталған сомманың бюджетке өтелуге қайтарылатыны – 242 миллион теңге. Бүгінгі күні 162 миллоны өтеліп, қалған 71 миллоны алдағы кездері түсетін болады.

Тексеріс кезінде орын алған кемшіліктерді жою үшін құзырлы орган қызметкерлері 203 тұлғаны жауапкершілікке тартқан. 71-нің ісі тәртіптік кеңесте қаралып, 132-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 15 миллон теңгені құрап отыр.

Амандық Сейфуллин – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі:

 

– Және де бақылау обьектілерінің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қылмыстық белгілері бар материалдарды құқық қорғау органдарына жолдаймыз. Биыл 1 іс ғана беріліп отыр. Ол Ақжар аудандық білім беру бөліміне қатысты. Бұл іспен сол жердегі прокуратура қызметкерлері айналысып жатыр. Қортындысын бізге жіберіп, жауабын айтатын болады.

Мамандардың сөзінше, негізінен бюджеттік қаражатты жұмсау кезіндегі заңбұзушылықтардың дені білім және денсаулық сақтау салаларында кездесетін көрінеді. Жыл соңына дейін тексеру комиссиясы облыстағы тағы 6 мектеп пен 1 кітапханаға бақылау жүргізбекші.

Бакыт Садуакасов