Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Астана және Қазақстандық Митрополит Александрды қабылдады

Сондай-ақ, ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға үлесін қосып жүрген Астана және Қазақстан Митрополиті Александрға аймағымыздағы іс сапарының сәтті болуын тіледі.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Биыл “Қызылжар” орталық мешіті мен “Вознесения Господне” кафедралды собордың ашылғанына 10 жыл толды. Бүгінде бұл сәулеті келіскен нысандар ғана емес, сонымен қатар, солтүстікқазақстандықтардың рухани азық алатын орнына айналды. Құрметті Александр, осы қызметте еңбек еткеніңізге 40 жыл толуымен құттықтаймын. Еліміздегі келісімді нығайтуда сіздің еңбегіңіз зор.

Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың өңірімізге келуінің өзіндік себебі бар. Биыл облыс орталығындағы “Вознесения Господне” кафедралды собордың қолданысқа берілгеніне 10 жыл толды. Мейман айтулы датаға орай шіркеуде діни рәсім өткізуге келгендігін айтты.

Александр – Астана және Қазақстан митрополиті:


– Биыл князь Владимирдің христиан дінін қабылдағанына 1000 жыл толды. Біз оның рухына бағыштап шіркеуде литургия рәсімін өткіздік. Одан кейін діни және мәдени ошақтарды аралап шықтым. Өңіріңізде кафедралды собор мен жергілікті билік арасындағы қарым-қатынас жақсы екен.

Бұдан соң облыс әкімі мейманға “СҚО-ның тарихы мен дамуы” атты
кітапты сыйға тартты. Ал митрополит Александр өңір жетекшісі Ерік Сұлтановтың кеудесіне “Алғыс” орденін тақты. Бұл марапат конфессияаралық татулықты нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Берик Касен