Құқық қорғау органдары

Петропавлда үздік жол-патрульдік полиция қызметкері анықталды

Мұрат Ысмайылов – СҚО ІІД жол-патрульдік полициясы әскери және қызметтік дайындық батальонының аға инспекторы:


–  “Үздік маман” байқауына 12 қызметкер қатысты. Олар сайыста жеңімпаз атану үшін 4 күн бойы өз мүмкіндіктерін көрсетті. Жалпы әр тәртіп сақшысы осындай оқыс жағдайларға дайындықтарын дәлелдеді.

Сайыс қатысушылырының өнеріне әкімшілік полиция басқармасы мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылары және ішкі істер органдарының ардагерлері баға берді.

Мұрат Ысмайылов – СҚО ІІД жол-патрульдік полициясы қызметтік және әскери дайындық батальонының аға инспекторы:

– Байқаудың маңыздылығы жол патрульдік полицейлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Олар үнемі қоғамдық тәртіпті күзетіп қана қоймай, өмірде де жан-жақты болулары тиіс. Сайыстағы тапсырмалар арқылы мамандар өз білімдерін шыңдай түспек.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтижені полиция аға лейтенанты Жанат Тлеулин көрсетті. Енді ол 2016 жылы тамыз айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайтын болады.

Култанов Байболат