Білім

Петропавлда Тұңғыш Президент күніне арналған көрме жұмыс істеуде

Ендеше Елбасының өмірі мен қызметі кімді болсын қызықтырмай қоймасы анық. Осы екі жұманың ішінде мұнда мектеп оқушылары бастап, колледж бен университет студенттері бас сұққан. Бүгін тарих пен мәдениет ошағының қонақтары – бүлдіршіндер. Қалалық “БЭСТ” гиназиясының 1-ші “ә” сынып оқушылары Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосуреттерін тамашалады.

Жалпы мұражай қызметкерлері көрмеге Елбасының бала кезі, отбасылық өмірі және қызметтік жолынан ақпар беретін фотосуреттер қойған. Сондай-ақ, бұл жерде ел астанасының Алматыдан Астанаға ауыстырылуы жөнінде де бірнеше картиналарды байқауға болады.

Айсұлу Сәрсенова – СҚО тарихи-өлкетану мұражайының бөлім қызметкері:


–  Осындай шаралар арқылы оқушылар мен студенттер ел тарихы мен президент жөнінде мол мағлұмат алады. Олар өздерінің білімдерінің фотосуреттер мен көрмеге қойылған жәдігерлер арқылы кеңейтпек. Алдағы уақытта мұражайға 30-ға жуық топ оқушылар келеді. Біз оларға қуана қызмет етеміз.

Тұңғыш Президент күніне арналған көрме облыстық тарихи-өлкетану мұражайында желтоқсанның біріне дейін өтеді.

Магжан Ахмадина