Қоғам

Облыс аумағынан шет елдерге қоныс аударушылардың саны басым болып тұр

Үстіміздегі жылдың 8 айында 5034 адам өзге аймақтарға қоныс аударып, керісінше 3 500-ден астам адам басқа өңірлерден көшіп келген. 9 айдың ішінде 2 мыңға жуық солтүстікқазақстандық ТМД елдеріне қоныс аударыпты. Әдеттегідей, кеткендердің басым көпшілігі Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасын таңдайды екен. Сондай-ақ, әлемнің өзге елдеріне қоныс аударушылардың саны 151 адамға артқан. Жыл басынан 129 солтүстікқазақстандық Германия елінің азаматтығын алыпты. Мамандардың айтуынша, шетке кетіп жатқандардың 77 пайызы – еңбекке қабілетті жандар.

Берик Касен