Қоғам

СҚО әкімдігінде коммуналдық қызметтерді көрсету ережелері мақұлданды

Жиында кәсіпкерлер палатасы мен обыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілдері 2 жобаны талқылады. Алғашқысы СҚО-сы бойынша коммуналдық қызмет көрсету ережелерін бекіту жөнінде болды. Бұдан былай су, жылу, электр энергиясын пайдалану ережесін жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Қабылданған нормалар коммуналдық қызметті ұсынушылар мен тұтынушылардың құқығына нұқсан келтірмейтіндей болуы тиіс. Бұл құжатты кеңес мүшелері бірауыздан мақұлдады. Сондай-ақ, отырыс барсында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарындағы қауіпті қондырғыларды есепке алу немесе есептен шығару тәртібі жайында айтылды.

 

 

Берик Касен