Қоғам

Облыс орталығында ризашылық шағын дүкені ашылды

Татьяна Чепухина – “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бұл қайырымдылық күні партияның “Бақытты балалық шақ” бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Біз коммуналдық базардың әкімшілігімен 31-ші желтоқсанға дейін шағын дүкенді тегін жалға алуға келісім жасастық. Мұнда қала тұрғындары өз еркімен әкелген заттар жайғастырылған. Біз сондай-ақ тұрмыстық техникалар мен жиһаздарды да қабылдаймыз.

Ризашылық бутигіне келген жұрттың қарасы қалың. Барлығы сөрелерге жайғастырылған тегін тауарларды таратып алуда. Олардың арасында көпбалалы ана – Наталья Геберт те бар. Қала тұрғынының 6 баласы бар екен. Нәзік жанды осындай қолдау көрсетіліп жатқандығына риза.

Наталья Геберт – көпбалалы анна:
–  Мен “Эра милосердие” қоғамдық бірлестігі мен “Нұр Отан” партиясына осындай игі шараны қолға алғандары үшін алғысымды айтамын. Бұл бізге – көпбалалы аналарға үлкен көмек. Мұнда балаларға арнап түрлі киімдер мен ойыншықтарды тегін, ақша жұмсамай-ақ алуға болады. Мен қала тұрғындарына айтарым керек жоқ киіміңді қоқысқа тастар алдында дұрыстап қарап ал, мүмкін ол басқа адамға керек болатын шығар.

Айта кету қажет, мұндай игі шараны қолға алған “Нұр Отан” партиясы Петропавл қалалық филиалы мен “Эра милосердие” қоғамдық бірлестігі облыс орталығының бірнеше сауда нүктесінде арнайы жәшіктер орнатыпты. Онда келіп кетушілер өздеріне керегі жоқ киім-кешектер мен түрлі заттарды сала алады.

Галина Калинкина – “Эра милосердие” қоғамдық бірлестігінің төрайымы:


–  Біз жаңа жыл қарсаңында тұрмыс қауқары төмен отбасыларға мынандай хаттарды тараттық. Әр жанұядағы балалар аяз атаға жаңа жылда қандай сыйлық алғылары келетіндігін жазады. Мысалы бір балғын былай деп хат жазған: “Бұл мерекеде маған қуыршақты сыйлағанды қалаймын. Ал сіңіліме әсем көйлек. Және тағы рұқсат болса тәтті-дәмдіден бас тартпас едім”. Бұл отбасылардың тұрмысы қандай қиын екендігін көрсетуде. Сол себепті халықты қолынан келгенше әлжуаз жандарға көмек көрсетуге шақырамын.

Жалпы қазіргі таңда облыста 2,5 мыңнан астам көпбалалы және де тұрмысы төмен отбасы бар.

Риат Шони