Мәдениет

“Мысықсыз өмір – қызықсыз” көрмесі ашылды

Алина Листопадная:

 

– Балетке мен осыдан бір жарым ай бұрын келдім. Өзіме қатты ұнайды. «Apt-Класс» балалар және жасөспірімдер шығармашылық шеберханасына мені ұстазым шақырды. Олар мені балабақшада жүргенде байқаған. Жалпы би өнерімен 3 жасымнан айналысамын. Болашақта Майя Плисецкая сияқты болсам деймін.

Театралдандырылған концертті «Apt-Класс» балалар және жасөспірімдер шығармашылық шеберханасының ұжымы мен тәрбиеленушілері ұйымдастырған. Олар бұл іс-шараны балеттің хас шебері Майя Плисецкаяның 90 жылдық мерейтойына арнаған.

Ксения Радионова – «Apt-Класс» балалар және жасөспірімдер шығармашылық шеберханасының төрайымы:

 

– Біздің шығармашылық шеберханамыз осыдан бір жарым ай бұрын ғана ашылды. Содан бері кішкентай қыздарды жинап, балетке үйреттік. Бүгінгі концертте біз қысқа ғана уақытта үйренгенімізді қорытындылаймыз. Бұл шараның көп бөлігінде Майя Плисецкаяның шығармашылық өмірін көрсетеміз. Халыққа ұнайды деген сенімдемін.

Бүгінде «Apt-Класс» шеберханасында 5 пен 10 жас аралығындағы 25 қыз балеттің қыр-сырын меңгеруде.

Айгерим Ержанова