Спорт

“Қуаныш” ВК республикалық күзгі чемпионатта жүлделі орындарға қол жеткізді

Енді 2013-ші жылдан бастап жергілікті “Қуаныш” волейбол клубының намысын республикалық және халықаралық жарыстарда қорғап жүр. Фарида – қарашаның 3-і мен 10-ы аралығында Теміртау қаласында 1998-99 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен волейболдан ҚР-ның күзгі чемпинатында ерлеген спортшылардың бірі. Жалпы спортшы қыздар ақтық сында Павлодар құрамасымен күш сынасыпты.

Фарида Рамазанова – “Қуаныш” ВК ойыншысы:

– Біз финалда Павлодармен 5 партия ойнадық. Кездесу тең өтіп жатты. Бірақ, біз намысқа тырысып, қарсыласты 3-2 есебімен тізе бүктірдік.

Сондай-ақ, бұл күндері Қызылорда қаласында “Қуаныш” волейбол клубының 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдерінің чемпионаты қатар өтті. Мұндағы сайыста жерлестеріміз талдықорғандық “Жетісуға” ғана есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдені иеленіпті.

Азамат Есімов – “Қуаныш” ВК бас бапкері:

– Біз үйде жарысқа мықтап дайындалдық. Шәкірттерімді жоғары деңгейде жаттықтырдым. Ойыншылардың алдына үздіктердің қатарына ілігу тапсырмасы жүктелген. Жоғарғы сатылардан көріне алдық. Бірақ, бірінші орынға да таласуға болар еді. Дегенмен, еліміздің әр аймағынан мықты деген 10 команда жиналды. Кездесулер қиын болды. Екінші орын – бұл жақсы нәтиже.

Айту керек, қарашаның 17-і күні Алматы қаласында әйелдер арасында волейболдан жоғарғы лига ойындарының 1-ші туры бастау алды. Онда “Қуаныш” волейбол клубының негізгі командасы сәтті өнер көрсетуде. Әзірге, алғашқы кезең қорытындысы бойынша жерлестеріміз қостанайлықтармен үшінші орынды бөлісіп тұр.

Акбопе Танирберген