Қылмыс

Петропавлдағы “Эталон-Авто” жанар-жағармай құю бекетін тонап кетті

Сонымен қоса өздерімен бірге бір милион үш жүз мың теңгеден аса қаражатты алып кеткен. Бейнетаспадағы көріністе жанар-жағармай құю бекетінің күзетшісі таңғы алты шамасында екі адамға есік ашады. Аз уақыттық сөйлесуден кейін, қарақшының біреуі ауыр темір құралы арқылы сақшыны қорқытады. Қызметтік тапаншасын бірден ала алмаған күзетші амалсыздан артқа шегінеді. Сондай ақ, жазбадан екінші қарақшының қолынан балтаны байқауға болады. Бұзақылардың екеуі де медициналық бетперде киген. Сондықтан олардың түрлерін бірден анықтау мүмкін емес. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша қылмыстық оқиға 10 қараша күні орын алған. Қазір құқық қорғау қызметінің мамандары осы іске қатысты жедел-іздестіру шарасын жүргізуде.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы

 

– Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 192 бабы, қарақшылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық іс сотқа дейінгі тексерулердің бірінғай тізіміне еңгізілді.

Култанов Байболат